Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Семейде ер адам емханада жүкті әйелге шабуыл жасады

Бөлісу:
 видеодан скриншот
VIDEO
Фото: видеодан скриншот

Семейде қалалық емханалардың бірінде маманға кезексіз өтуге әрекеттенген ер адам жүкті әйелдің телефондарын тартып алып, қолын бұраған. Полиция оқиғаны растады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Зардап шеккен әйел полицияға жүгінген. Полиция жүкті әйелге қатысты құқыққа қайшы әрекет жасаған ер адамды ұстады.

Полиция қызметкерлері стоматологиялық клиникада орын алған оқиғаға қатысы бар ер адамды анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Алдын ала анықталғандай, кезекке байланысты туындаған жанжал барысында ер адам жүкті әйелге дөрекі сөздер айтып, оның ұялы телефонын тартып алған. Аталған азаматқа қатысты бұзақылық фактісі бойынша материал сотқа жолданды, - деп хабарлады Абай облысының ПД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы