Семейде 40-қа жуық көше жөнделді

5 Қыркүйек 2023, 18:23
529
Бөлісу:
Семейде 40-қа жуық көше жөнделді
Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Семейде 33 көшеде жол жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылға жалпы ұзындығы 60 км болатын 40 көшедегі жолдарға орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Шарт «Семей механикалық зауыты» ЖШС мердігерлік ұйымымен жасалды. 

Қазіргі таңда асфальттау жұмыстары А. Көшкімбаева, Жангелдин, Тұрғанбаев, Мәскеу және т.б. 33 көшеде аяқталды. 

Сондай-ақ базар маңындағы көшелерде борттық тастарды бөлшектеу және монтаждау, Чайковский көшесіндегі тротуарларды орнату жұмыстары жүргізілуде. 

Айта кетейік, Би Боранбай көшесінде де жол жөндеу жұмыстары мен бордюрларды ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Транспорт бөлімінің бас маманы Адилбек Увасиловтың айтуынша, ескі асфальт төсемін қырып тастап, орнына жаңа асфальт жабыны төселуде.

Өзгелердің жаңалығы