Семейде 40 мұғалім спорттық робототехника бойынша білімдерін жетілдіруде

31 Наурыз 2023, 19:24
1095
Бөлісу:
Семейде 40 мұғалім спорттық робототехника бойынша білімдерін жетілдіруде
Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

29-31 наурыз аралығында Семейде «Спорттық робототехника бойынша біліктілікті арттыру» оқу-жаттығу жиындары өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Білім беру саласындағы робототехника – бұл физика, математика, информатика, электротехника, мехатроника және т.б. білімдерін біріктіретін, әртүрлі жастағы оқушыларды инновациялық ғылыми-техникалық шығармашылық процесіне тартуға мүмкіндік беретін балалар мен жасөспірімдерді оқытудың жаңа пәнаралық бағыты. 

Қазіргі уақытта білім беру саласындағы робототехниканың үш негізгі бағыты анықталды: шығармашылық, спорттық және тікелей білім беру. 

29-31 наурыз аралығында Семейде «Спорттық робототехника бойынша біліктілікті арттыру» оқу-жаттығу жиындары өтуде. Курс облыстық мектептерден 40 информатика/робототехника мұғалімдеріне арналған. 

Семейде 40 мұғалім спорттық робототехника бойынша білімдерін жетілдіруде

Курстың мақсаты - бір жағынан, мектеп информатика/робототехника мұғалімдерінің білімі мен сараптамасының жалпы деңгейін арттырумен қатар, оқушылардың спорттық жетістіктерінің нәтижелілігін арттыру болып табылады. Екінші жағынан, қазіргі заманғы білім мен әдістерді беруді, информатика/робототехника мұғалімдері арасында тәжірибе алмасуды ұйымдастыру және кооперацияны күшейтуді көздейді. 

Қатысушылар командаларды ірі турнирлерге дайындаудан тәжірибесі бар робототехника мектебінің жетекші сарапшыларынан білім алуда. Мәселен, Олжас Айтжанов робототехника бойынша Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы, 21 жүлдегер команда дайындаған. Курстың ұзақтығы - 3 күн, 20 астрономиялық сағат. Оқу соңында әрбір қатысушыға кәсіби біліктілігін арттыру туралы сертификат табысталады. 

Өзгелердің жаңалығы