Семейде 1 жасар бала мен анасы құлаған шатыр астында қалып қойған

5 Сәуір 2023, 12:02
913
Бөлісу:
Семейде 1 жасар бала мен анасы құлаған шатыр астында қалып қойған
Фото: Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі

Семей қаласының құтқарушылары құлаған шатыр үйіндісінің астынан әйел адам мен баланы құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін, сағат 09:34-те Семей қаласының «112» пультіне Сырлыбаев көшесінде жеке үйдің төбесі құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Өтініш берушінің айтуынша, үйде балалар бар.

Семейде 1 жасар бала мен анасы құлаған шатыр астында қалып қойған

Оқиға орнына Абай облысының құтқару бөлімшелері дереу оқиға орнына шықты.

Сағат 09:42-де шақыру орнына келгеннен кейін, қонақ бөлмесінде тұрғын үйдің төбесі құлағаны анықталды. Құтқарушылар дереу барлауға кірісті. Барлау барысында үйінділердің астынан құтқарушылар 1982 жылы туған әйелді, 2022 жылы туған жас баланы құтқарды. Құтқару бөлімшелері келгенге дейін үй иесі мен оның 2012 жылы туған қызы өз бетінше шықты, ал 2020 жылы туған баланы көршісі құтқарды. Жедел медициналық жәрдем дәрігерлерінің қарауынан кейін зардап шеккендердің барлығы Семей қаласының ЖМЖА-ға жатқызылды, - делінген ведомство хабарламасында.

Алдын ала мәлімет бойынша құлау алаңы 24 шаршы метрді құрады.

Семейде 1 жасар бала мен анасы құлаған шатыр астында қалып қойған

Құтқару операциясына барлығы Абай облысы ТЖД жеке құрамынан 11 адам мен 3 техника жұмылдырылды.

Абай облысы ТЖД қырағы болуды және барлық қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды! Төтенше жағдай туындаған кезде "101" немесе "112"нөмірлеріне қоңырау шалыңыз!, - деп ескертті ТЖД мамандары.

Өзгелердің жаңалығы