«Семей орманы» резерватында өрт шықты: ТЖМ мен тікұшақтар жұмыс істеп жатыр

Қамышен орманшылығының 57-орамында орман өртенуде.

16 Шілде 2026, 12:03
АВТОР
 Экология және табиғи ресурстар министрлігі 16 Шілде 2026, 12:03
16 Шілде 2026, 12:03
148
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында орман өртін сөндіру жұмыстары жүргізілуде.

2026 жылғы 16 шілдеде сағат 09:45-те «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты Бородулиха филиалының Қамышен орманшылығының 57-орамында орман өрті тіркелді.

Қазіргі уақытта өртті сөндіруге мемлекеттік орман күзетінің 7 қызметкері, 1 автоцистерна (АЦ), 1 кіші орман өрт сөндіру патрульдік кешені (МЛПК), 1 трактор, ТЖМ 30 адам және 8 техника, сондай-ақ «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның Bambi Bucket су төгу құрылғысымен жабдықталған әуе кемесі жұмылдырылған. Қосымша күш ретінде өрт орнына 2 автоцистерна, 2 трактор, 1 МЛПК және 11 орман күзеті қызметкері бағытталды. Сонымен қатар AS350 тікұшағы және 4 әуе өрт сөндіру десантшысы, сондай-ақ Катон-Қарағайдан Ми-8 тікұшағы өрт орнына аттануда, - деп хабарлады Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстары жалғасуда. Жағдай бақылауда.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда бір тәулікте 7 орман өрті тіркелді.

 

Наверх