Атыраудағы қанды қылмыс: сот бес баланың тағдырына қатысты шешім шығарды

Балалардың құқығы мемлекет бақылауында болады.

 "Ақ Жайық" 15 Шілде 2026, 21:42
15 Шілде 2026, 21:42
214
Фото: "Ақ Жайық"

Атырау облысындағы Жангелді ауылында төрт адамның өліміне қатысты іс бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылған Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласының тағдырына қатысты сот жеке қаулы шығарды. Бұл туралы "Ақ Жайық" басылымы жазды. 

Үкімді жариялаған судья Зарема Хамидуллинаның айтуынша, балалардың алдағы тәрбиесі, орналастырылуы және құқықтарының қорғалуы Атырау облысының білім басқармасының бақылауында болады.

Сонымен қатар сот Қызылқоға ауданы әкімдігіне қаза болған отбасының Жангелді ауылындағы тұрғын үйіне мұрагерлік құқықты рәсімдеуді тапсырды. Бұл шешім балалардың мүліктік құқықтарын қорғау мақсатында қабылданған.

Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласы бар. Олардың кенжесі 2025 жылы дүниеге келген. Әкесі ұсталғаннан кейін балалар біраз уақыт әжесінің қарауында болған. Алайда 2026 жылғы 3 ақпанда аудандық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия оларды мемлекет қамқорлығына беру туралы шешім қабылдаған. Қазір үш пен тоғыз жас аралығындағы төрт бала Атыраудағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тәрбиеленіп жатыр. Ал ең кенже бала мамандандырылған сәбилер үйіне орналастырылған.

Наверх