Семей орманандағы өрт толығымен сөндірілді

2 Маусым 2022, 13:39
2482
Бөлісу:
Семей орманандағы өрт толығымен сөндірілді

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Кеше, яғни 1 маусымда «Семей орманы» резерватына қарасты Жаңа Семей филиалы Подгородный орманшылығының аумағында басталған өрт бүгін сағат  11:00-де толық өшірілді. 

Өртті сөндіруге ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың, Төтенше жағдайлар министрлігі №68303 әскери бөлімінің күштері жұмылдырылған. 

Қатты жел отпен күресті қиындатты. Болжам бойынша өрттің себебі – жайдың түсуі. Қазір мамандар оқиға орнында тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өртенген аумақ ауданы шамамен 200-250 гектар болды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, – деді ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы Марина Лискова.

ШҚО ТЖД табиғи өрттердің пайда болу қаупін азайту мақсатында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігін ескертеді.

Естеріңізге сала кетсек, 1 маусымда «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватына қарасты Жаңа Семей филиалы, Подгородный орманшылығында өрт шыққан болатын, бүгін таңертең өрттің таралуы тоқтатылған.

Жалынға оранған аумақ Семейге жақын болғандықтан қалада өрт қауіптілігінің 5-деңгейі жарияланған еді. Жағдайды әуеден бақылау үшін көкке «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің «МИ-2» тікұшағы көтерілген.

Өзгелердің жаңалығы