Семей көшелерін атты полиция барлайды

2 Сәуір 2023, 13:29
999
Бөлісу:
Семей көшелерін атты полиция барлайды
Фото: semeynews.kz

Күннің жылынуына байланысты облыс орталығының көшелерін Семей қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының атты әскери взводы патрульдейтін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалалық полиция басқармасының бастығы Қайрат Әбдіғалиевтің айтуынша, жылқылар қаладағы көліктерге жетуі кезінде қиындық туындағанда қажет болады.

Семей көшелерін атты полиция барлайды

Біз негізінен саяжай алаптарына, жеке сектордың кейбір учаскелеріне, сондай-ақ патрульдік көлік жүре алмайтын Ертіс өзенінің жағалауына қызмет көрсетеміз. Әдетте, полицейлер өз учаскелерін екі-екіден күзетеді, – дейді қалалық полиция бастығы.

Өзгелердің жаңалығы