Семей көшелері қараңғы: әкім себебін түсіндірді

4 Қараша 2024, 15:46
385
Бөлісу:
Семей көшелері қараңғы: әкім себебін түсіндірді
Фото: ОКҚ

БАҚ өкілі Семей қаласы тұрғындарының қала көшелеріндегі көп шамдар жанбайтынына, жеке сектордағы мектепке апаратын жолдар жарықтандырылмағанына шағымданатынын жеткізді. Бұл мәселе қашан шешілетінін Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл мәселе 2020-21 жылдардан жалғасып келе жатыр. Бізде 140 көшеде, оның ішінде негізгі көшелерде шамамен 3000 жарық нүктесі жанбай тұр. Ол әлі күнге дейін Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аудандық орталығының балансында. Ол бойынша сот ісі жүргізіліп жатыр. Ол бізге әсер етеді. Өйткені келісімшарт сонда жасалған, - деді әкім ОКҚ-да өткен брифингте.

Ұранхаев мәселенің ұзаққа созылып кетуінің себебі басқа компания тарапынан жасалған дүниенің мемлекет бюджетінен қаржыландырылмайтынында деп түсіндірді.

Қазір бұл сұрақты аздап реттедік. Жақын арада байқау жариялаймыз және сол көшелерді жарықтандыруға тырысамыз. Мәселе ақшада емес, бұл сұрақ заңды тұрғыдан шешілуі керек, - деді ол.

Облыс әкімі байқау 15 қарашада аяқталатынын айтты. Содан кейін бірден жарықтандыру жұмыстары басталатынына сендірді.

Өзгелердің жаңалығы