Нұр-Сұлтан – елдің бейбіт ұстанымын айшықтай түседі – Сембіғали Закенов

23 Наурыз 2019, 13:15
3422
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан – елдің бейбіт ұстанымын айшықтай түседі – Сембіғали Закенов

Қостанай, BAQ.KZ тілшісі. "Nur Otan”  партиясы Ақтау қалалық филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы, техника ғылымдарының докторы, профессор Сембіғали Закенов Елордаға Нұр-сұлтан атауын беруге қатысты пікір білдірді.

«Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси біліктілігінің арқасында Қазақстанды әлем бейбітшіл ел ретінде танып, ұстанымымызды салмақты қабылдады. Түсінгенге жас мемлекет үшін бұл үлкен жетістік. Елбасы ішкі, сыртқы саяси жағдайды тең ұстап, осы елдің гүлденуіне бар күш-жігерін жұмсады. Шынын айтқанда, біз еңбегіне әлі дәл баға бере алмай жатқандаймыз. «Еңбегі орасан зор» дейміз, бірақ, маған бұл сөздің өзі жеткіліксіз болып көрініп тұрады», – деді Сембіғали Закенов.

Ол Қазақстанның Тұңғыш Президенті, әлемге танымал саяси тұлғаның есімін бас қалаға беру – елдің бейбітшіл ұстанымын айшықтай түсетін қадам деп есептейді.

«Елімізді аман-есен сақтап, ешқандай дүрбелең туғызбай, жан-жағымызды, шекарамызды бекітіп бергенін жиі айтамыз. Алайда, осындай жағдай жасаудың қандай соқпақты жолдарды өтуді талап еткенін, қаншама келіссөздер жүргізілгенін ескере бермейміз. Міне, осы тұрғыдан қарағанда, Елбасының қандай марапатқа да лайық тұлға екені айқындалады. Мен Астананың Нұр-Сұлтан аталуын қолдаймын. Бұрын, Кеңес Одағы тұсында Ақтауымыз Шевченко, Атырауымыз Гурьев болып өзгерді. Сол кезде ешкім қарсы шықпаған. Олай болса, өзіміздің тұлғамызға неге бір қала атын бермеске?! Тұңғыш Президент мұндай құрметке әбден лайық!», – деді Сембіғали Закенов.

Өзгелердің жаңалығы