Өзенге секіріп қашпақ болған шенеуніктің бастығы қызметінен кетуге арыз жазды

4 Қыркүйек 2020, 21:03
1641
Бөлісу:
Өзенге секіріп қашпақ болған шенеуніктің бастығы қызметінен кетуге арыз жазды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысы, Текелі қаласының әкімі қызметінен кету туралы арыз жазды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров жазды.

Текелі қаласы әкімі Өнербаевтың отставкасын қабылдау немесе қабылдамау туралы шешім күтілуде.

Ол 27 тамызда Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысы Нөрқұловқа қатысты үкім (22 тамыз) заңды күшіне енгеннен кейін арыз жазды. "Мемлекеттік қызмет туралы" заңның 60-бабы 2-тармағына сәйкес, отставканы қабылдау немесе қабылдамау туралы шешім бір ай ішінде қабылдануы қажет (президент әкімшілігімен келісу бойынша),- дейді Данияр Бекайдаров.

Айта кетейік, шілде айында Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысын әшкерелеу кезінде ол өз басын қауіп-қатерге тігіп, оқиға орнынан жасырынбақ болып, өзенге секіріп, жүзіп өтпек болған. Сонымен бірге, ол өзенге ағып кете жаздаған. Алайда, оқиға орнында ұсталған болатын. Сосын 2020 жылдың 6 тамызында Алматы облысы Текелі қалалық сотының үкімімен миллион теңге айыппұл салынды.

Өзгелердің жаңалығы