Сайыров: Маған Мәжілісте еңбек ету мәртебесі бұйырып, сенім артылды

12 Қаңтар 2021, 20:52
1672
Бөлісу:
Сайыров: Маған Мәжілісте еңбек ету мәртебесі бұйырып, сенім артылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі саясаттанушы Ерлан Сайыров Facebook-тегі парақшасында Nur Otan партиясынан Мәжілісте еңбек ету мәртебесі бұйырып, өзіне сенім артылғанын хабарлады.

Құрметті достар! Nur Otan партиясынан ҚР Парламентінің Мәжілісінде өкілдік ететін тұлғалардың тізімі жарияланды. Маған Nur Otan партиясынан Мәжілісте еңбек ету мәртебесі бұйырып, сенім артылды. Осы орайда, Nur Otan партиясының төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа, партияның саяси менеджментіне көрсеткен жоғары сенімі үшін алғысымды білдіргім келеді, - деп жазды ол.

Сайыровтың айтуынша, қазір бүкіл әлем сияқты Қазақстан да күрделі кезеңдерді басынан өткеруде.

Біз Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру үшін еңбек етеміз, біздің қызметіміз азаматтарымыздың нақты әлеуметтік және экономикалық проблемаларын шешуге бағытталатын болады. Бүкіл әлем сияқты Қазақстан да күрделі кезеңдерді басынан өткеруде. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей «Біз жұмыс орындарының қысқаруына, кәсіпорындардың жабылуына жол бермеуіміз қажет». Біздің денсаулық сақтау жүйесі ұтымды, мектептер тиімді болуы керек, - деп жазды саясаттанушы.

Саясаттанушы қабылданатын заңдар елдің адами ресурсын арттыруға қабілетті, азаматтар үшін қолайлы болуы тиіс екенін атап өтті.

Заң шығару қызметі барлық азаматтардың өзекті әлеуметтік проблемалары мен рухани қажеттіліктерін шешуге бағытталуы абзал! Nur Otan партиясына дауыс берген барша азаматқа алғыс айтқым келеді. Біз саяси көзқарасқа, ұстанымға және қоғамдық көзқарасқа қарамастан, барлық халыққа қызмет етеміз. Біз адам игілігі мен еліміздің әрбір азаматы үшін жұмыс істейтін боламыз! Жүз гүл бүршік атсын! Біз үшін басты аспект азаматтық бейбітшілік, қоғамдық даму, саяси эволюция, ел мен қоғамның әлеуметтік трансформациясы болып табылады! Біз біргеміз!, - деп түйіндеді ол.
Айта кетейік, Nur Otan партиясы депутаттар тізімін жариялаған болатын.
Өзгелердің жаңалығы