«Сайран» көлінің түбі тазартылып, аумағы абаттандырылады – Алматы әкімі

«Сайран» көлінің түбі тазартылып, аумағы абаттандырылады – Алматы әкімі
354

Алматыда «Сайран» көлінің түбі тазартылып, аумағы абаттандырылады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әкімнің айтуынша «Сайран» көлі бүкіл Алматы қаласы үшін ерекше орын.

1971-жылдан бастап, яғни су қоймасы салынғаннан бері мұнда реконструкциялау және абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүрмеген. Біз биыл ақпан айынан бастап ауданы - 50 га болатын Сайран көлінің түбін шөгінділерден механикалық тазарту жұмыстарын бастаймыз. Жоспарға сәйкес жұмыстарды мамыр айының соңына дейін аяқтаймыз, - деді қала әкімі.

Ол, сондай-ақ көлдің аумағын абаттандыру жұмыстары жайлы айтты.

Биыл наурыз айында жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптамасы шығып, осы жылдың үшінші тоқсанында конкурстық рәсімдер аяқталған соң, «Сайран» көлінің аумағын реконструкциялауды және абаттандыруды бастаймыз, - деді Ерболат Досаев.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы