Сайлауға қанша қаржы жұмсалады? Қаржы министрі жауап берді

Қаржы министрі Мәди Такиевтің айтуынша, сайлауды өткізуге қажет қаражат көлемі Орталық сайлау комиссиясының есебі дайын болғаннан кейін белгілі болады.

Бүгiн 2026, 13:56
АВТОР
 Freepik Бүгiн 2026, 13:56
Бүгiн 2026, 13:56
151
Фото: Freepik

Қаржы министрі сайлауды өткізуге қанша қаражат қажет болатыны жөніндегі Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) есебін күтіп отыр. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, әзірге ОСК қажетті қаржы көлемі туралы ақпарат ұсынбаған.

Сайлауға қатысты ОСК әзірге ақпарат берген жоқ. Біз күтіп отырмыз. Менің ойымша, олар осы аптада есептерін ұсынуы керек. Өйткені қазір бюджеттік процесс жүріп жатыр, – деді Такиев.

Оның сөзінше, сайлау өткізуге қажет қаражат Үкімет резервінен бөлінуі мүмкін.

Қазір ОСК есептеулерін күтіп отырмыз. Үкіметтің резерві бар, сол резервте осындай күтпеген шығындарға арналған қаражат қарастырылған, – деді Қаржы министрі.

Журналистің сайлау өткізу шығындары референдумға жұмсалған қаржыдан көп болуы мүмкін бе деген сұрағына министр нақты жауап бере алмады.

Білмеймін, – деді Мәди Такиев.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх