Сайлауға келетін шетелдік бақылаушылар аккредиттелді

2 Желтоқсан 2020, 15:52
1375
Бөлісу:
Сайлауға келетін шетелдік бақылаушылар аккредиттелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Парламенті Мәжілісінің және мәслихат депутаттарының сайлауына келетін шетелдік бақылаушыларды аккредиттеді.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңның 20-2-бабына сәйкес шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Орталық сайлау комиссиясы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша жүзеге асырады. 2020 жылғы 20 қарашада Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Орталық сайлау комиссиясы ТМД Парламентаралық ассамблеясынан 29 байқаушыны аккредиттеді. 2020 жылғы 25 және 26 қарашада Сыртқы істер министрлігінің 10 байқаушыны аккредиттеу туралы ұсыныстары келіп түсті. Олардың барлығы аккредиттеуге шығарылып отыр. Ұсынылған тізімде 6 байқаушы ТМД байқаушылары миссиясының құрамында, 4 байқаушы Ислам Ынтымақтастық Ұйымы миссиясынан аккредиттеледі, - деді ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова. 

Ол аккредиттеуге ұсыныстардың келіп түсуіне қарай байқаушылар бойынша деректер жаңартылатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы