Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қалалық Адвокаттар алқасы төралқасының мүшесі Нұрлан Жазылбеков брифинг барысында айтты.
Оның айтуынша, бүгінгі сайлау бұрынғыдан өзгеше.
Қоғамдық кеңес сайлаудың алғашқы дайындық күнінен бастап бақылап келе жатыр. Бізге қала тұрғындарынан саяси партияларды дайындау тұрғысында көптеген өтінім келіп түсті. Өйткені Қоғамдық кеңесте бірнеше саяси партияның мүшелері бар. Қазір халықтың дауыс беру тұрғысында жоғары белсенділігін байқап отырмыз. Сондай-ақ, халықаралық ұйымдардың белсенділігін көріп отырмыз. Бүгін 31 ел байқаушы ретінде қатысып жатыр, бұл өте маңызды, - дейді ол.
Сонымен қатар, ол елдің дамуы мен көркеюі үшін әр адам өзі таңдаған партияға дауыс беруі қажет дегенді айтты.
Үйде үнсіз отырып, жақсылықты күткенімен, ештеңе орындалмайды. Әр адам өзінің конститутциялық құқығын пайдаланып, дауыс бергені жөн, - дейді Нұрлан Жазылбеков.
Еуразиялық франчайзинг қауымдастығының басшысы, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Бекнұр Қисықов Алматыда негізінен байқаушылар өте көп болатынын айтады.
Бүгін бірнеше сайлау учаскесін аралап шықтық, дайындықтары жоғары. Санитарлық талаптар сақталған, мұның барлығы халықтың қауіпсіздігі үшін жасалып жатыр. Қала тұрғындарына сайлауға келіп, өз дауыстарыңызды беріңіздер деп үгіттегім келеді. Мен барған сайлау учаскелерінде адам саны аз болды. Бұл жексенбі күнге байланысты болуы мүмкін. Азаматтар демалыс күн болған соң түске дейін демалып, содан кейін дауыс беруге шығады деп ойлаймын, - дейді Б. Қисықов.