Сайлау учаскесінен тікелей эфир жасауға болмайды

10 Қаңтар 2021, 10:15
1942
Бөлісу:
Сайлау учаскесінен тікелей эфир жасауға болмайды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қоғам қайраткері, Тәуелсіз байқаушылар хартиясының бастамашысы Айгүл Соловьева Алматыдағы кейбір сайлау учаскесінде тікелей эфир жасап жатқандар жайлы баяндады.

Ол сайлаудағы Халықаралық нормалардың сақталуына мониторинг жүргізіп отырғанын айта келе қаладағы Сайлау учаскелеріндегі жұмыстар тиімді ұйымдастырылғанын жеткізді. 

Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізілуде, онда қоғамдық талқы жүріп жатыр. Бір байқағанымыз кейбір учаскелерде тікелей бейне бақылау жүргізіліп жатыр. Бұл Орталық сайлау комиссиясының ережесіне қайшы. Оған қатысты тиісті шара қолданылады деген ойдамын. Жалпы сайлау барысында қандайда бір заңбұзушылық жайлы айту әлі ерте, ондай тіркелмеді,-дейді Соловьева.

«Жастарға жол» қоғамдық қорының президенті Рафэль Гасанов тәуелсіз байқаушылардың жедел тобы қаладағы барлық сайлау учаскелерін тексеріп шыққанын жеткізді. 

Олар әсіресе байқаушылардың әлеуметтік қашықтықты сақтамай жатқанын айтуда. Осыған байланысты байқаушылар мен ҮЕҰ-ға жауапкершілікті арттыру қажеттігін айтқым келеді. Карантин кезі болғандықтан сақтық шараларын ұстанған жөн. Сондай-ақ кейбір учаскелерде үшінші тарап, яғни азаматтарымыз байқаушыларды видеоға түсіріп, тікелей эфир жасауда. Бұл заңсыз әрі рұқсатсыз түсіруге болмайды. Егер қандайда бір заңбұзушылық болса түсіріңіздер, ал сайлау барысын түсіруге болмайды,-деді ол.



Өзгелердің жаңалығы