Сайлау учаскелерінде карантин талаптары қалай сақталатыны айтылды

29 Желтоқсан 2020, 16:42
1706
Бөлісу:
Сайлау учаскелерінде карантин талаптары қалай сақталатыны айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауында дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы мәселе қаралды. 

Бұл мәселе бойынша ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов баяндап берді.

Ол халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында дауыс беру күні сайлау процесінің барлық қатысушысы әлеуметтік арақашықтықты, маска режимін сақтауы қажет екенін айтты.

Сайлау учаскесіне келген кезде бір реттік медициналық немесе қорғаныс маскалары мен қолғаптарын кию режимін сақтау қажет және сайлау учаскесінде орнатылған қолды дезинфекциялауға арналған антисептикалық құралы бар санитайзерлерді пайдалану қажет. Азаматтар бір-бірінен кемінде 1,5-2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет. Сондай-ақ қол алысудан немесе тікелей байланыстың басқа түрлерінен аулақ болып, жеке автоқаламдарын пайдалану қажет, - деп түсіндерді ол.

Сондай-ақ сайлау учаскесінде ылғалды тазалау жүргізу қажет. Техникалық жабдықтар бір-бірінен 1,5-2 метр қашықтықта орналасуы тиіс. Егер сайлауға қатысушы КВИ-ден емделіп, карантинде болса, онда ол оны комиссия мүшелеріне алдын ала ескертіп, хабарлауы қажет. Сонымен қатар сайлау учаскесінде қорғаныш құралдары (маска, қолғап, антисептик, т.б.) жеткілікті түрде қамтамасыз етілуі керек және масканы әр 3 сағат сайын ауыстырып отыру ұсынылады.

COVID-19 таралу қарқыны бойынша қызыл және сары аймақтарда орналасқан өңірлерде сайлау комиссияларының барлық мүшесі, сенім білдірілген адамдар, байқаушылар дауыс беру күні, сайлау өткізу басталғанға дейін 5 тәуліктен ерте емес уақытта ПТР-тест әдісімен зертханалық тексеруден өтуі тиіс. Сайлау учаскесіне зертханалық тексерудің оң нәтижесі бар адамдар жіберілмейді, - деді вице-министр.

Өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты дауыс беру күні сайлау процесіне қатысушылардың барлығы тиісті өңірлердің бас санитарлық дәрігерлері белгілеген санитарлық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтауы тиіс.

Өзгелердің жаңалығы