Сайлау - қоғамның демократиялық айнасы

19 Наурыз 2023, 10:17
796
Бөлісу:
Сайлау - қоғамның демократиялық айнасы
Фото: bugin.kz

Жазушы Смағұл Елубай Алматы қалалық №301 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Ол бүгінгі сайлаудың ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Ұлыстың ұлы күні, жыл басы әз-Наурызбен қатар келген биылғы Парламент сайлауы жақсылықтың нышаны. Сайлау қоғамның демократиялық айнасы. Сайлау қалай болса, қоғам солай. Қазіргі таңда демократиялық бағытқа қарай бет бұрғандықтан, халықта үлкен үміт пен сенім оянды. Яғни, осы кезеңде өзінің Конституциялық құқығын шын мәнінде сезіну байқалады.  Мемлекет басшысының бастамасымен өткізіліп жатқан Реформалық өзгерістер халыққа сенім тудыра бастады. Мінекей, бұл сайлаудың ерекшелігі осы. Мен басқалардан қалыспай сайлауға келіп, Алматы қаласына қарасты №301 учаскеге өз таңдауымды жасадым. Ертең күңкілдемес үшін, өкпелемес үшін өзің шешім қабылдауың қажет. Кімді сайлайсың, кімге бала-шағаңның тағдырын, еліңнің тағдырын сеніп тапсырасың? Міне, нағыз жауапты сәт сол, - деді Түркі халқының әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Смағұл Елубай.

Айта кетейік, бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің және жергілікті мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. 

Сайлау учаскелері таңғы 07:00-де ашылды.

 Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. 

Алматыда 602 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы