Сайлау өркениетті түрде өтеді – Жанділда Жақыпов

5 Қаңтар 2021, 21:06
1809
Бөлісу:
Сайлау өркениетті түрде өтеді – Жанділда Жақыпов

Алматы, BAQ.KZ. «Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің президенті Жанділда Жақыпов Парламент Мәжілісі мен қалалардың мәслихаттарына алда өтетін сайлауға, сонымен бірге жалпы қоғамдық-саяси белсенділікте болып жатқан өзгерістерге қатысты өз ойын айтты. 

Жақыпов партиялардың белсенділігінің өскені жайлы оң пікір білдірді. Бұл белсенділіктің маңызды бөлігі ретінде ол үміткерлікке ұсынылғандар құрамының әртүрлілігі деп санайды. 

Партиялардың белсенділігі сайлауға дейін де өсті. Оған жазда праймериздің өтуі себеп болды. Праймериз – бұл Қазақстан үшін жаңалық, бізде ондай болмады. Праймериз сол Nur Otan партиясының өзінде көптеген жаңа тұлғаны көрсетті. Қалған партияларға келетін болсақ, олар да белсенді және кеңінен әрекет ете бастады. «Ауыл» болсын, «Адал» болсын, «Ақ Жол», ҚХП - бәрі. Жастар да, әйелдер де белсенділік таныта бастады. Дәл осы бөлік, жастар мен әйелдер, бұл - сайлаудың жаңалығы. Бұрын осы сәттерге назар аударылмаған болса, қазір Президент реформаларының арқасында бәрі өзгерді. Партиялар сияқты, халық бұрынғыға қарағанда әлдеқайда белсенді, - деді ол.

Халықаралық құқық қорғау орталығының жанында медиаторлар мектебі бар, онда медиаторлар мен байқаушыларды оқытады. 

Байқаушылар мектебінде біз дау-жанжалдарды (шиеленістерді) басқару бойынша тренингтер өткіземіз. Атап айтқанда, мен дау-жанжалдық мәселені тану бойынша, штаттан тыс жағдайда өзін қалай ұстау керегін үйретеміз. Басқа дәріскерлер байқаушылардың құқықтары мен міндеттерін үйретеді, кейстер мен интернет-ресурстарды пайдаланады. Өткен жылы қоғамда көптеген өзгеріс болды. Сайлау өркениетті болады деп күтілуде, өйткені байқаушылар көп болады, - дейді сарапшы.

Құқық қорғаушы сайлау учаскелеріндегі өзгерістерді жетілдіре отырып, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болатынын атап өтті.

Мен сайлау учаскелерін де көрдім. Бұрын мен мұны байқамадым. Кейбір жерде бір емес, екі емес, үш учаске қатар орналасқан. Бұл нені білдіреді? Бір учаскеде адамдардың топтаспайтынын білдіреді. Мен болған сайлау учаскелерінде әлеуметтік қашықтық, бағыттар, тіпті сайлау комитеті мүшелерінің үстелдері бір-бірінен алшақ орналасқан, - деп толықтырды ол.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 25 мамырда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қатынастар саласын реттейтін заңнаманы жетілдіру мақсатында бірқатар заңға қол қойды. Атап айтқанда, саяси реформалар пакетін іске асыру шеңберінде Саяси партиялар туралы және сайлау туралы заңнамаға өзгерістер енгізілді. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Заңына түзетулер әрбір саяси партия сайлауға қатысу үшін партиялық тізімді қалыптастыру кезінде әйелдер мен 29 жасқа дейінгі жастар үшін арнайы 30% квота көздеуге міндетті екенін белгілейді. Аталмыш заң заң шығарушы орган мен жергілікті өкілді органдар - мәслихаттардың қызметіне әйелдер мен жастардың белсенді қатысуын ынталандыруға арналған. Жалпы, қабылданған заңдар көппартиялықты, плюрализмді дамытуға, әртүрлі атаулы топтардың саяси қатысуын кеңейтуге бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы