Сайлау-2023: Шетелдік 322 байқаушы тіркелді

13 Наурыз 2023, 18:11
1433
Бөлісу:
Сайлау-2023: Шетелдік 322 байқаушы тіркелді

Орталық сайлау комиссиясында халықаралық және ұлттық байқаушыларды аккредиттеу мәселелері туралы мәселе қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Конституциялық заңның нормаларына сәйкес, шет мемлекеттер мен халықаралық байқаушыларды аккредиттеуді жүргізу дауыс беру күнінен 5 күн бұрын жергілікті уақыт бойынша, яғни бүгін, 13 наурызда 18.00-де аяқталады.

Орталық сайлау комиссиясы хатшысы Мұхтар Ерман қанша шетелдік байқаушы тіркелгенін мәлімдеді.

Халықаралық байқаушы институты ашылғаннан бері 34 шет мемлекет пен 9 халықаралық ұйымнан 322 байқаушы ресми тіркеуден өтті. Қазіргі уақытта Сыртқы істер министрлігі 17 шет мемлекет пен 9 халықаралық ұйымнан 473 байқаушыны тіркеуден өткізуді ұсынды, - деді ОСК хатшысы.

Олар мыналар: Аустрия Республикасы, Моңғолия, Ресей Федерациясы, Солтүстік Македония және Оңтүстік Африка Республикасынан бір байқаушыдан, Әзербайжан, Индонезия және Мажарстан, Румыния, Франциядан екі байқаушыдан. Сонымен қатар Филиппин, Финляндия және Жапониядан үш байқаушыдан, Германия және Түркиядан 4 байқаушыдан, Өзбекстаннан 5, АҚШ-тан 19 байқаушы.

Ал Сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясы - 284, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы - 79, ТМД байқаушылар миссиясы - 8, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы - 22, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартты ұйымының Парламенттік Ассамблеясы - 1. Сонымен қатар ШЫҰ - 16, Ислам ынтымақтастығы ұйымы - 3, Түркі мемлекеттері ұйымы - 2, Жерортк теңізі парламенттік ассамблеясы - 2.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы 20 өңірге инспекциялық сапар жасағаны хабарланды.

Өзгелердің жаңалығы