Сайлау-2023. «Байтақ» партиясы 2 млн дауыс жинауға үмітті

6 Ақпан 2023, 18:46
1463
Бөлісу:
Сайлау-2023. «Байтақ» партиясы 2 млн дауыс жинауға үмітті
Фото: автордан

«Байтақ» партиясы 2 млн дауыс жинауға үміттеніп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Партияны өз қалтамнан қаржыландырамын. Қазіргі күні әлі демеуші таппадық. Мемлекеттен қаржы алмаймыз. Барымызды пайдаланып жатырмыз. Өзім мажоритарлы жүйе бойынша сайлауға қатысамын. Партияның және өзімнің штабым құрылды. Сайлауға дайындалып жатырмыз. Жеңістен үміттіміз, - деді «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай.

Мажоритарлы жүйе бойынша Қызылорда, Маңғыстау облыстары және Алматы, Астана қалаларынан қатысады.

Ол сайлаудан жеңіске үміт барын айтты.

18 адамның бәріне түгел орын аламыз деп отырмыз. Бізге дауыс берушілер өте көп. Бірақ соңғы кездері бізді қаралау көбейіп кетті. Қайдан және не үшін екенін білмейміз. Бірақ біз партиялық бәсекелестікке дайынбыз. 2 млн дауыс жинаймыз деп үміттеніп отырмыз. Біздің мықты тұсымыз – өңірлерде. Бірақ әлсіз тұсымыз – Астана мен Алматы. Қалған барлық өңірде жұмыс жақсы, - деп түсіндірді Азаматхан Әміртай.

Партия төрағасы өңірлердегі филиалдарға сенім жоғары екенін жеткізді.

Бүгін «Байтақ» партиясы ОСК-ға құжаттарын тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы