Сайлау-2023. «Байтақ» партиясы ОСК-ға құжаттарын тапсырды

6 Ақпан 2023, 17:07
1402
Бөлісу:
Сайлау-2023. «Байтақ» партиясы ОСК-ға құжаттарын тапсырды
Фото: автордан

«Байтақ» партиясы Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Құжаттар ОСК-ға «Сайлау туралы» Конституциялық заңның 87-бабында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылды.

«Байтақ» партиясы барлық тиісті құжатты Орталық сайлау комиссиясына ұсынды.

Мынадай құжаттар екі тілде ұсынылды ұсынылды: 

- саяси партияның жоғарғы органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме; 

- саяси партияның Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі; 

- партия өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат; 

- партиялық тізім (электронды және қағаз түрінде);

- азаматтардың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтініші; 

- тізімге енгізілген әрбір кандидаттың өмірбаяндық деректері; 

- партиялық тізімге енгізілген әрбір кандидаттың жеке куәліктерінің көшірмелері және т.б

Бұған дейін «Байтақ» партиясы барлық өңірдегі мәслихат депуттары сайлауына қатыса алатынын хабарлаған болатынбыз. 

Сайлау-2023. «Байтақ» партиясы ОСК-ға құжаттарын тапсырды

Сонымен қатар 3 қаңтарға партияның съезі өткен болатын. Жиында «Байтақ»  жасылдар партиясынан сайлауға кандидаттыққа 19 адам ұсынылғаны белгілі болды.

Сайлау-2023. «Байтақ» партиясы ОСК-ға құжаттарын тапсырды

Оның ішінде:

- әйелдер квотасы – 4 кандидат.

- жастар квотасы – 1 кандидат.

- мүгедектер квотасы – 1 кандидат.

Өзгелердің жаңалығы