Сайлау-2021. Жангелдин ауданында сайлау өтіп жатыр

25 Шілде 2021, 09:07
1954
Бөлісу:
Сайлау-2021. Жангелдин ауданында сайлау өтіп жатыр
PHOTO
Фото: автордан

Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қостанай облысының Жангелдин ауданында екі ауылдық пен төрт ауылда сайлау өтіп жатыр. 

Сужарған ауылдық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сағат 7-9 аралығында елуге тарта адам дауыс берген. Бұл – барлық сайлаушылардың шамамен төрттен бірі.

Сайлау-2021. Жангелдин ауданында сайлау өтіп жатыр

Таңғы сағат алтыдан бері учаскедеміз. Ауыл тұрғындарының белсенділігі жаман емес. Малын өріске жіберіп, шаруасын ыңғайлап келіп жатыр, - дейді №294 Сужарған ауылдық сайлау комиссиясының төрағасы Қайыржан Мықтыбеков.
Сайлау-2021. Жангелдин ауданында сайлау өтіп жатыр

Аталған ауылдағы сайлау барысын бір бақылаушы бақылап отыр. 

Әзірге ешқандай заң бұзушылық байқаған жоқпын. Бәрі заңға сәйкес. Сайлау карантин талаптары қатаң сақталып өтіп жатыр, - дейді Қайрат Мағауин.
Сайлау-2021. Жангелдин ауданында сайлау өтіп жатыр

Қауіпсіздік үшін учаскеде әр сайлаушыға қолғап, бетперде және қалам беріледі.

Ауыл ақсақалы Есенбай Ғабдуахитов бұл саяси қадамды еліміздегі жаңа бір белес деп атап өтті.

Үміткерлердің екеуі өзіміздің ауылдасымыз. Бәрінің отбасын білеміз. Кандидаттар бағдарламасынан ауылды абаттандыру мәселесін көргім келеді. Сайланған әкімге осыны айтар едім, - дейді қария.
Сайлау-2021. Жангелдин ауданында сайлау өтіп жатыр

Айта кетейік, Сужарған ауылының әкімі сайлауына түсіп жатқан 3 кандидаттың біреуі партия атынан қатысса, қалған екеуі өз-өзін ұсынған.

Өзгелердің жаңалығы