Сайлау-2021: Парламенттік сайлау көріністері

10 Қаңтар 2021, 20:40
6259
Бөлісу:
Сайлау-2021: Парламенттік сайлау көріністері
PHOTO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстанда Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. Сағат 20:00-де дауыс беру тоқтатылды. Енді 4 сағаттан кейін сағат 00:00-де exit poll нәтижелері шығады. Оған дейін сайлау қалай басталып, қалай жүзеге асырылғанын оқи отырыңыз.

Сайлау-2021: Парламенттік сайлау көріністері

Сайлау учаскелері таңғы сағат 06:00-да жұмысқа кірісіп, 7:00-ден бастап сайлаушыларға есігін айқара ашты. Қазақстанмен қоса шет мемлекеттегі сайлау учаскелері де жұмысқа кірісті.

Сайлау-2021: Парламенттік сайлау көріністері

Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, Токиодағы №261 және Сеулдегі №258 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де дауыс беру үшін ашылды. Бұл елдерде жүрген қазақстандықтардың өздерінің сайлау құқығын бірінші болып пайдалану мүмкіндігі туды. Сондай-ақ, ең бірінші болып Аделина Алпамыс есімді Оңтүстік Кореядағы Корё университетінің студенті дауыс беріп үлгерген.Қалған елдердегі сайлау учаскелері өңірге сәйкес уақыт бойынша ашылды.

Сайлау-2021: Парламенттік сайлау көріністері

Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы 08:00-дегі жағдай бойынша дауыс беруге барлық 9 994 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұрды.

Шенеуніктердің ішінен алғаш дауыс бергендердің бірі Премьер-министр Асқар Мамин болды.

Ол елордадағы «Астана» концерт залында орналасқан №138 сайлау бөлімшесінде таңдау жасады.

Сайлау-2021: Парламенттік сайлау көріністері

Барлық сайлау учаскелерінде санитарлық талаптар сақталып, әлеуметтік арақашықтық ескерілген.

Сайлау-2021: Парламенттік сайлау көріністері

Учаске жеке қорғаныш құралдарымен толығымен қамтамасыз етілді. Сайлау учаскесіне келушілер алдымен дезинфекция туннелінен өтті.

Сайлау-2021: Парламенттік сайлау көріністері

Кейін кіреберісте тұрған мамандар келушінің дене қызуын өлшеп, оған маска және медициналық қолғаппен қамтасыз етті.

Сайлауға алғаш келгендерге арнайы сыйлықтар да берілді. Мәселен, Шымкенттегі сайлау науқанында азаматтық белсенділік танытып, алғашқы болып өз учаскелерінде дауыс берген бірінші сайлаушыларға ерекше тосынсый жасалды.Жұмысын таңғы сағат 07:00-де бастаған мегаполистегі 312 сайлау учаскелерінің барлығында алғашқы келген сайлаушыға ұлы ақын Абай Құнанбайұлының қара сөздері жазылған кітапты сыйға тартты.

Сайлау-2021: Парламенттік сайлау көріністері

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Оқушылар сарайындағы №58 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Сайлау-2021: Парламенттік сайлау көріністері

Президент таңдауын жасаған соң журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Жалпы, Парламентке неғұрлым көп партия келсе, біздің еліміздің болашағы үшін соғұрлым жақсы болады. Сондықтан сайлау жақсы әрі әділ өтеді деп ойлаймын. Ең маңызды мәселе – заңдарды сапалы қабылдау. Қазақстан үшін сапалы заңнама жүйесі болса, бұл елімізге де, халқымызға да үлкен жәрдем болады. Барлығымыз осы мүмкіндікті пайдаланып, дауыс беруіміз керек, - деді ол.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы сайлауға белсенді қатысып жатқанын атап өтті.

Қазақстан халқы белсенді дауыс беріп жатыр. Белсенділік өте жоғары. Сондықтан сайлау жақсы өтеді деп ойлаймын. Қазақстан болашағы үшін дауыс беріп жатырмыз, - деді ол.

Сайлау-2021: Парламенттік сайлау көріністері

Ал ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Нұр-Сұлтандағы «Астана Опера» театрында орналасқан №115 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

Бұл сайлау Қазақстан тәуелсіздігінің отыз жылдығымен тұспа-тұс келді. Бүгін бәріміз сайлауға жарқын болашақ, қазақстандықтардың өркендеуі мен тұрмыс сапасын жақсарту үшін қатысып отырмыз, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Сайлау-2021: Парламенттік сайлау көріністері

Сайлауға 5 саяси партия қатысқаны белгілі. Саяси партия төрағалары да дауыс беруге бір адамдай қатысты.

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында өз таңдауын жасады.

Сайлау-2021: Парламенттік сайлау көріністері

ҚХП төрағасы Айқын Қоңыров елордадағы №66 мектептегі сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.

Сайлау-2021: Парламенттік сайлау көріністері

ADAL партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауында дауыс берді. Партия төрағасы елордадағы «Астана Опера» театрында орналасқан №115 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

Сайлау-2021: Парламенттік сайлау көріністері

«Ауыл» партиясы төрағасы Әли Бектаев №66 мектепте орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді.

Сайлау-2021: Парламенттік сайлау көріністері

«Ақ жол» партиясы төрағасы Азат Перуашев Тұран көшесінде орналасқан №122 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді.

Сайлау-2021: Парламенттік сайлау көріністері

Президент аппаратының басшысы Ерлан Қошанов «Қазақстан темір жолы» АҚ ғимаратында орналасқан №110 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.

Сайлау-2021: Парламенттік сайлау көріністері 

Шетелдік байқаушылар Қазақстандағы парламенттік сайлауға оң бағаларын берді.

Эстония Парламентінің депутаты, Қазақстандағы шетелдік бақылаушы Михаил Корб сайлаудың өтуін позитивпен бағалады.

Сайлау-2021: Парламенттік сайлау көріністері 

Біз таңнан бері Қазақстан астанасының 5 сайлау учаскесінде болдық. Бұл біздің Қазақстандағы сайлаудың жалпы қалай өтіп жатқанын түсінуімізге мүмкіндік берді. Кезекке тұрған халықтың қарасын көріп, белсенділікті байқадық. Эпидахуалға байланысты санитарлық талаптар қатаң сақталып жатыр. Әр учаскеде сайлаушылардың дене қызуы тексеріліп, әлеуметтік ара-қашықтық сақталған, - деді ол.

Сайлау-2021: Парламенттік сайлау көріністері

«Украина-Қазақстан» парламентаралық ынтымақтастық тобының жетекшісі Евгений Шевченко сайлауға қатысты пікір білдірді. 

Сайлау-2021: Парламенттік сайлау көріністері

Жалпы, сайлау учаскелеріне барған кезде демократиялық процестер мен құндылықтардың жеткілікті жоғары деңгейде екенін, әркімнің учаскелерге еркін қол жеткізе алатынын, белсенді қоғамдық-саяси қызмет байқалып отырғанын, мұны сайлаушылар саны мен ашық жәшіктерде көрген бюллетеньдер саны бойынша да көруге болады деп айтқым келеді. Бізде, әдетте, осы уақытқа дейін адамдар аз келеді. Әдетте бізде бюллетеньдер аз. Сайлауға келушілердің көп екенін көріп отырмыз. Мүмкін ауа-райы қолайлы. Мүмкін, адамдар өздерінің позицияларын белсенді түрде көрсеткілері келеді, - дейді Евгений Шевченко.

Ал Түркия Республикасы Ұлы ұлттық жиналысының депутаты, «Iyi» партиясының өкілі, ЕКПА мүшесі Зеки Хакан Сыдалы 30 жылдың ішінде мемлекеттің іргесі нығая түскенін айтты.

Сайлау-2021: Парламенттік сайлау көріністері 

Қазақстан өте қиын жолдан өтті. Осы 30 жылдың ішінде мемлекеттің іргесі нығая түсті. Реформалар 30 жылдан бері жүргізіліп келеді. Оның сәтті орындалып жатқанын көріп жүрміз. Бұрынғы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың кезінде басталған бұл процесс қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезінде жалғасып жатыр. Қазақстан тұрақтылық пен даму тұрғысынан бірінші орында тұр деп айта аламыз, - деп атап өтті тәуелсіз сарапшы.

Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы делегаты әрі комиссия төрағасы Фульфио Мартушелло Қазақстандағы сайлау науқанына жоғары баға берді.

Фульфио Мартушеллоның айтуынша, барлық халықаралық сарапшы Қазақстандағы сайлау кезінде сақталған санитарлық нормаларға назар аударған. 

Сайлау-2021: Парламенттік сайлау көріністері

Менің ең бірінші байқағаным – дауыс берушілердің көптігі. Мен қуанып кеттім. Демек, біз қалыпты өмірге келе жатырмыз. Қазақстан халқының сайлауға белсенді келуі бұрынғы жайлы өмірімізге қайта оралуымызға үміт сыйлағандай болды. Италияда мұндай сайлауға рұқсат жоқ. Өйткені, мұнда жағдай тұрақсыз. Алайда Қазақстан пандемия жағдайында халық үшін қауіпсіз сайлау өткізудің үлгісін көрсетті, - деді ол.

Сайлау-2021: Парламенттік сайлау көріністері

Елордалық сайлаушылардың да пікірін сұраған едік. Елордалық тұрғын Жаңабай Алшынбек Мәжіліс пен мәслихаттардың жұмысы мен қабылдаған шешімдері халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталуы керек екенін айтты.

Сайлау-2021: Парламенттік сайлау көріністері

Сайлауға алғаш рет келіп тұрғаным жоқ. Ұйымдастырылуы жоғары деңгейде деп айта аламын. Пандемия кезінде барлық ережені сақтап отырғаны көрініп тұр. Әр азамат сайлауға өзінің болашағы үшін жауапкершілікпен келеді. Мәжіліс пен мәслихаттардың жұмысы мен қабылдаған шешімдері халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталуы керек, - деді ол.

Сондай-ақ, сайлауға танымал тұлғалар мен спорт жұлдыздары да қатысты.

Олардың ішінде әнші, продюсер Майра Ілиясова бар. Ол әрбір адамның дауысы шешуші екенін атап, қазақстандықтарды дауыс беруге шақырды.

Сайлау-2021: Парламенттік сайлау көріністері 

Әр адамның дауысы шешуші. Ел болашағы үшін сайлауға барып, дауыс беруіміз қажет. Өзін қоғамның бөлшегі санайтын әр азамат бұл науқанға қатысқаны дұрыс. Мен өз таңдауымды жасадым, - деп жазды ол.

Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Илья Ильин, Олимпиада чемпионы, саясаткер Серік Сәпиев және өзге де спортшылар сайлауда белсенді болды.

Сайлау-2021: Парламенттік сайлау көріністері

Сайлауда сағат 18:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 58,2 пайызы дауыс берді.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес, 2021 жылғы 10 қаңтарда сағат 18.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санынан 58,2% алды.

Сайлау-2021: Парламенттік сайлау көріністері

Нұр-Сұлтан уақытымен санағанда сағат 20:00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санынан 63,1%-ы алды. 

Сайлау-2021: Парламенттік сайлау көріністері

Сайлаушылардың келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат сағат 22:00-де ұсынылады.

Өзгелердің жаңалығы