Сайлау-2021: Отандық спортшылар белсенділік танытуда

10 Қаңтар 2021, 16:55
1640
Бөлісу:
Сайлау-2021: Отандық спортшылар белсенділік танытуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 07:00-де ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлау басталды. 

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, елордада барлығы 283 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Сайлауға қоғам қайраткерлері, спортшылар, қазақстандық жұлдыздар қатысып жатыр. Ел тарихындағы маңызды оқиғаға спорт өкілдері де белсене атсалысуда.

Сайлау-2021: Отандық спортшылар белсенділік танытуда

Алғашқылардың бірі болып жастар арасындағы Олимпиада ойындарының чемпионы Айбек Оралбай мен жастар арасындағы бокстан әлем чемпионы Нұрбек Оралбай, ауыр атлетикадан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Илья Ильин, Олимпиада чемпионы, саясаткер Серік Сәпиев және өзге де спортшылар өз дауыстарын берді.

Сайлау-2021: Отандық спортшылар белсенділік танытуда

Мен азаматтық парызымды орындадым, – деді Илья Ильин.

Сайлау-2021: Отандық спортшылар белсенділік танытуда

Қазір спортшылар қарқынды жаттығу жүргізіп жатыр. Алайда сайлауға қатысып, дауыс беруге де уақыт бөлуде.

Атап айтқанда, қазақстандық боксшы Василий Левит АҚШ-тағы жиындар кезінде де дауыс беруге қатыспақ.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау учаскелері 10 қаңтар күні 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан азаматтары өз таңдауын жасай алады.

Өзгелердің жаңалығы