Сайлау-2021. Қостанай облысында дауыстарды санау жүргізіліп жатыр

25 Шілде 2021, 22:59
2411
Бөлісу:
Сайлау-2021. Қостанай облысында дауыстарды санау жүргізіліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елорда уақытымен 20:00-де дауыс беру аяқталды. Сайлау Қостанай облысының 65 ауылы мен ауылдық округтерінде өтті.

Дауыс беруді ұйымдастыру кезінде сайлау заңнамасының сақталуын 207 саяси партияның, 279 қоғамдық және коммерциялық емес ұйымның өкілдері бақылады, - деп атап өтті облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Әсия Дуанбаева.

Қазір дауыстарды санау жүргізіліп жатыр. Облыста сайлаушылардың алдын ала келуі 84,4% болды. 

Өзгелердің жаңалығы