Сайлау-2021: 552 тәуелсіз байқаушы оқытылды

5 Қаңтар 2021, 21:21
1444
Бөлісу:
Сайлау-2021: 552 тәуелсіз байқаушы оқытылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда Қазақстан Республикасы Парламенті және облыстар мен аудандардың мәслихаттарына сайлауды байқауға дайындығы туралы Жамбыл облысы бойынша партиялық емес бақылау орталығының қызметімен танысу бойынша дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара барысында байқаушылардың сайлау күні жұмыс істеуге дайындығы, сондай-ақ аудандар мен облыс орталығында өткізілген оқыту семинарларының барысы туралы мәселелер қаралды.

Жамбыл облысы бойынша сайлауды партиялық емес бақылау орталығының капитаны, «Жастар-Зертеу» ЖҚБ төрайымы Парида Мамедова партияға жатпайтын бақылаушылардың сандық және сапалық құрамы және байқаушының заңды құзыреттілігін арттыру маңыздылығы туралы айтты.

Штаб мүшелері партияларға бейтарап қатынастың маңыздылығын және байқаудың Сайлау туралы заңды дұрыс сақтауға және сайлау учаскелерінде барлық санаттағы азаматтарға тең мүмкіндіктер беруге назар аударуының маңыздылығын растады. Сонымен қатар, олар әлеуметтік қашықтықтағы карантиндік режим талаптарын сақтау және қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Бүгінгі күні 552 тәуелсіз байқаушылар оқытылды, олар өз міндеттерін халықаралық бақылау стандарттарына сәйкес орындауға дайын. Қазақстанның Азаматтық Альянсынан 238 байқаушы, Кәсіподақтар Федерациясынан 205 және «Жастар-зертеу» қоғамдық бірлестігінен 109 мобильді байқаушылар. Барлық қажетті құжаттар: Жарғыдан үзінді, бірлестікті тіркеу туралы куәлік, сайлау учаскесіне жолдама, байқаушы дәптері мен төсбелгі Жамбыл облысының аудандарына жіберілуге дайын.

Іс-шараға 15 адам қатысты, оның ішінде облыстық сайлауды партиялық емес байқау орталығының мүшелері және азаматтық қоғам өкілдері.

Өзгелердің жаңалығы