Саясиландыруға болмайды. Балаева Галкиннің концерті жайында

6 Қазан 2023, 17:41
955
Бөлісу:
Саясиландыруға болмайды. Балаева Галкиннің концерті жайында
Фото: instagram.com/maxgalkinru

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ресейлік әзілкеш Максим Галкиннің концерті неге өтпейді деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр бұл тақырыпты саясиландыруға болмайтынын айтады. Айтуынша, концертті коммерциялық ұйым ұйымдастырады.

Галкиннің концертіне қатысты пікірлер болды, олар саясатқа және сіз айтып отырған жеке мәселелерге қатысты емес, ең алдымен күнделікті экономикалық мәселелерге байланысты. Сондықтан бұл жерде мәдениет пен өнер саясаттан тыс деп есептеймін. Кез келген жанрдағы барлық орындаушылардың мұраты – ең алдымен халықты руханиландыру, мәдени тәрбиелеу, - деді Балаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Балаева өнер иелерінің миссиясы бөлек болғандықтан оларды саясатқа араластырудың қажеті жоқ деп санайды.

Меніңше, олар (автор:өнер иелері) қызметінде саяси мәселелерге араласпауы керек. Өнер мен мәдениетте шекара жоқ. Кім қолдап, кім қолдамайды деген де мәселе жоқ. Өнер адамдары өз рөлі мен миссиясын түсініп, өнер мен саясатты араластырмауы маңызды. Әрине, ең бастысы, өнер адамдары қазір болып жатқандай қоғамды жақсы және жаман деп бөлмеуі керек, - деп түйіндеді Мәдениет және ақпарат министрлігінің басшысы.

Өзгелердің жаңалығы