Саяси жүйемізді реформалау одан әрі жалғаса беретіні сөзсіз – Әшімбаев

28 Маусым 2022, 11:52
2499
Бөлісу:
Саяси жүйемізді реформалау одан әрі жалғаса беретіні сөзсіз – Әшімбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Спикер Мәулен Әшімбаев айтты.  

Бүгін біз қорытынды отырысымызды өткіздік. Бұл парламенттік маусымда біз маңызы зор тарихи өзгерістер мен іргелі істердің куәсі болдық. Сессия барысында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын ел болып атап өттік. Жыл басында бұрын-соңды болмаған сын-қатерлермен бетпе-бет келдік. «Қаңтар оқиғасы» әлемдік сыни ахуал, мемлекеттік басқару жүйесінде жаңа тәсілдер мен шешімдерді талап етті. Осыған орай Мемлекет башсысы кешенді реформалар топтамасын жариялады. Сол арқылы заң шығару қызметінің де басым бағыттарын елгіледі. Нәтижесінде түбегейлі саяси өзгерістер қолға алынып, конституциялық реформа жүргізілді, - деді Әшімбаев. 

Спикер осылайша, Әділетті Жаңа Қазақстан құрудың берік негізі құрылатынын айтты.

Республикалық рефрендум кезінде халықтың басым бөлігі Ата заңда ұсынылған өзгерістер мен Президенттің бастамаларына қолдау көрсетті. Шын мәнінде, еліміз әлеуметтік-экономикалық және саяси кезеңге қадам басты. Азаматтардың құқығын қорғау тәсілдері жетіліп, халықтың ел басқару ісіне қатысуы кеңейді. Бұл өзгерістердің басы ғана. Саяси жүйемізді реформалау одан әрі жалғаса беретіні сөзсіз, - деді ол. 

Әшімбаев атағандай, Парламент 78 заң қабылдады. 

Өзгелердің жаңалығы