Саяси партия өкілдері Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды

16 Желтоқсан 2020, 13:23
2567
Бөлісу:
Саяси партия өкілдері Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Алматыда саяси партия өкілдері Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды. 

Саяси партия өкілдері Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды

Праламенттік сайлауға қатысып жатқан Nur Otan, «Ак жол», «Қазақстан халық партиясы», ADAL және «Ауыл» партияларының өкілдері Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. 

Саяси партия өкілдері Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды

Аталған шараға адам көп қатысқанымен санитарлық нормалар қатаң сақталды. Nur Otan мен «Jas Otan» жастар қанатының 500-ден аса өкілі қатысып, барлығы «Менің елім» әнін хормен орындады. 

Барлықтарыңызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Бүгін Қазақстан бойынша 10 мың жасотандық желтоқсан оқиғасын еске алып, Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Алматыда бүгін 500 адам келіп отыр. Біз тәуелсіз елде тұрып, еркіндікті сезіну әр жас қазақстандық үшін маңызды екенін түсінуіміз керек, - дейді Jas Otan жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев.

Сонымен қатар, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев те Қазақстан тұрғындарын бүгінгі Тәуелсіздік мейрамымен құттықтады.

Саяси партия өкілдері Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды

Қазақстан жұртшылығын Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Қазақстан – бай ел, мұнда дарынды да ақылды адамдар өмір сүруде. Еліміз әр жыл сайын дамып, нығая түсуі керек. Жетістікке жетіп, көркейген ел болу үшін бізде барлығы бар. Осы жолда жұмыс істеуіміз керек, - дейді Азат Перуашев.

Жиын барысында сондай-ақ Қазақстан халық партиясы өкілдері де өздерінің ізгі тілектерін білдірді. 

Саяси партия өкілдері Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды

Қазақ халқының ғасырдан аңсап келе жатқан арманы орындалып, мемлекеттілігі қалпына келді. Біз үшін бұл үлкен мейрам. Еліміздің одан ары өркендеп, өсуін тілеймін, - дейді Қазақстан халық партиясының Алматы қалалық комитетінің төрағасы Әлібек Шәпенов.

Саяси партия өкілдері Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды

Айта кетсек, Тәуелсіздік монументі Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1996 жылы 16 желтоқсан күні Республика алаңында ашылған.

Өзгелердің жаңалығы