«Саяси ерік-жігер нақты нәтижеге айналуы керек» – Тоқаев Кипрмен байланыс туралы айтты

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселесін талқылап, Қазақстан Кипрмен жан-жақты серіктестікті дамытуға мүдделі екенін мәлімдеді.

 ©BAQ.KZ/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 12:51
Бүгiн 2026, 12:51
134
Фото: ©BAQ.KZ/Артем Чурсинов

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр Республикасының президентімен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз жаңа ғана бетпе-бет форматта өте мазмұнды әрі нәтижелі пікір алмастық. Екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға деген ортақ ұстанымымыз бар. Алдымызда әлі толық игерілмеген, болашақта жан-жақты зерттеліп, жүзеге асырылуы тиіс көптеген мүмкіндік тұр, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айтуынша, Қазақстан екі елге де тиімді болатын келісім жасасуға дайын.

Қазақстан тарапынан біз екі елге де тиімді болатын кез келген келісімге дайынбыз. Себебі сіздің еліңізбен арадағы дәстүрлі достық байланыстарды жоғары бағалаймыз. Бұл біз үшін өте маңызды. Сондай-ақ сіздің сапарыңыздың Кипрдің Еуропалық одақ кеңесіне төрағалық ету кезеңімен тұспа-тұс келуі де ерекше мәнге ие. Біз сіздің осы кезеңдегі көшбасшылығыңызды жоғары бағалаймыз және осы маңызды миссияның соңғы кезеңінде табыс тілейміз, - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Тоқаев Кипр президентінің елдің халықаралық беделін нығайтуға елеулі үлес қосқанын атап өтті.

 Сіздің жетекшілігіңізбен Кипр теңгерімді, жауапты әрі болашаққа бағдарланған сыртқы саясат жүргізіп келеді. Қазақстан еліңізбен жан-жақты серіктестікті дамытуға мүдделі, - деді Мемлекет басшысы.

Еске салайық, бұған дейін елордада Қазақстан-Кипр келіссөздері басталғаны туралы жаздық.

Наверх