Қазақстан-Кипр келіссөздері басталды

Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қою көзделген.

 ©BAQ.KZ/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 10:52
Бүгiн 2026, 10:52
165
Фото: ©BAQ.KZ/Артем Чурсинов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Никос Христодулидисті Тәуелсіздік сарайында қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Санаулы сәттерден кейін екі ел делегацияларының қатысуымен жоғары деңгейдегі келіссөздер басталады.

Келіссөздер барысында мемлекет басшылары Қазақстан мен Кипр арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылайды. Тараптар екіжақты байланыстарды кеңейтуге, іскерлік қарым-қатынасты нығайтуға және өзара серіктестіктің жаңа бағыттарын қарастыруға ниетті.

Кездесу алдында тараптар бір-бірімен қол алысып амандасты. 

Кипр тарапына қарсы алған Үкімет мүшелерінің қатарында Премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, вице-премьер - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мағзұм Мырзағалиев бар. 

Амандық-саулық сұрасқан соң қарауыл сап түзеп, Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. 

Ресми кездесу аясында сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер де қозғалады деп жоспарланып отыр.

Одан соң екі ел Президенті келіссөз өтетін залға беттеді. 

Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қою көзделген.

Наверх