"Саяси астары жоқ". Министр түркі әлеміне ортақ әліпби туралы айтты

16 Қыркүйек 2024, 14:38
683
Бөлісу:
"Саяси астары жоқ". Министр түркі әлеміне ортақ әліпби туралы айтты
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек түркі әлеміне ортақ әліпбиі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, комиссияның 34 әріптен тұратын әліпби үлгісіне қатысты қабылдаған келісім - саяси шешім емес.

Халықаралық Түркі академиясының негізінде бірнеше талқылау қорытындысынан кейін академия басшысы Шаин Мұстафаев мырза осындай құжатқа қол қойған. Тағы да айтамын, бұл Үкімет деңгейіндегі немесе саяси құжат емес. Тек ғылыми қауымдастық тарапынан талқыланып жатқан құжат, - деп түсіндірді Саясат Нұрбек.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Түркі тілдеріне ортақ әліпби үлгісі әзірленді.

Өзгелердің жаңалығы