Саясат Нұрбек: Отбасымды Кипрден елге қайтарамын

14 Маусым 2022, 13:00
1705
Бөлісу:
Саясат Нұрбек: Отбасымды Кипрден елге қайтарамын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы жаңадан құрылған Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. 

Үкіметтің жаңа мүшесі отбасының неліктен Кипрде тұрып жатқанын түсіндіріп, балаларының оқу орны туралы тілшілердің сұрақтарына жауап берді. 

Балаларым 26 маусым күні Қазақстанға оралады. Сіздерге олар елге аман-есен жеткен соң фотоесеп беремін. Оларды асыға күтіп жүрмін. Балалардың Кипрде оқуының үш себебі бар: біріншісі, жұбайым мен балаларымның медициналық қорытындысы бар. Нақты медициналық тұжырымдама, белгілі проблемалар бар десе болады. Екіншісі, өкінішке қарай, бұл жердегі (Қазақстандағы – авт.) жекеменшік мектептерге беруге қалтам көтермеді. Үшіншіден, Кипрде британдық форматта оқытатын өте жақсы мектеп тапқан едім.  Бірақ алаңдамаңыздар. Тағы да ағымнан жарылып айтайын, 26 маусым күні олар Қазақстанға қайтады, - деді Саясат Нұрбек Үкіметтің кулуарында. 

Еске сала кетейік, бұған дейін бүгінгі Үкімет отырысына министр ретінде алғаш қатысқан Саясат Нұрбек салтанатты түрде ант бергендігін айтқан болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы