Министр Саясат Нұрбек салтанатты түрде ант берді

14 Маусым 2022, 10:19
1659
Бөлісу:
Министр Саясат Нұрбек салтанатты түрде ант берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін өткен Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалған Саясат Нұрбек салтанатты түрде ант берді. 

Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отаным – Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани дамуы ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін, - деді Саясат Нұрбек. 

Еске сала кетейік, Саясат Нұрбек жуырда Президент Жарлығымен  Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы