Сәуле Қисықованың қызметі өсті

15 Шілде 2020, 17:06
2383
Бөлісу:
Сәуле Қисықованың қызметі өсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болған Сәуле Қисықова жаңа қызметке тағайындалды.

Бұған дейін Сәуле Қисықованың қызметінен кеткенін Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растаған болатын.

Енді елорданың денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін басқарма бастығының орынбасары Әлия Рүстемова атқарады.

Енді Сәуле Қисықова ҚР Президенті Іс басқармасы медициналық орталығының басшысы қызметіне тағайындалып отыр.

Бұған дейін бұл мекемені Алексей Цой басқарған. Ол 25 маусымнан бастап ҚР денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды.

Сәуле Қисықова 1963 жылы 22 шілдеде дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген. Медицина ғылымдарының докторы, іскерлік әкімшілік магистрі. 

Еңбек жолын 1987 жылы Алматы облысының Орталық аудандық ауруханасында бастаған. 1994 жылға дейін сонда дәрігер-терапевт болып жұмыс істеді. 1994 жылдан 2004 жылға дейін Алматы қаласындағы №8 қалалық емхананың емдеу-профилактикалық және ақылы бөлімінің меңгерушісі болды. Ал 2004-2007 жылдар аралығында Алматы қаласындағы "ҚР президенті іс басқармасы медициналық орталығының орталық клиникалық ауруханасы" РМК отбасылық медициналық кешендер қауымдастығының жетекшісі болып еңбек етті. 2007-2012 жылдары сол аурухананың бас дәрігерінің ұйымдастыру-экономикалық мәселелері жөніндегі орынбасары болды. 2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін "ҚР президенті іс басқармасы медициналық орталығының орталық клиникалық ауруханасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшысының бірінші орынбасары болса, кейін Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы болып еңбек етті.

Нұр Сұлтананың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына 2019 жылдың тамызында тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы