Сауль Альварес төртінші рет абсолютті әлем чемпионы атағын қорғады

5 Мамыр 2024, 13:08
374
Бөлісу:
Сауль Альварес төртінші рет абсолютті әлем чемпионы атағын қорғады
Фото: instagram.com/caneloteam

Мексикалық Сауль «Канело» Альварес 76,2 келіге дейінгі салмақта абсолютті әлем чемпионы атағын қорғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл жолы ол отандасы Хайме Мунгияны төрешілер шешімімен ұтты – 117:110, 116:111, 115:112.

Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өткен айқас 12 раундқа созылды.

33 жастағы Альварес 2021 жылдың қарашасында иеленген абсолютті әлем чемпионы атағын осымен төртінші рет қорғап қалды. Одан кейін Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC), Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) және Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы титулдарын қорғап, Халықаралық бокс федерациясының (IBF) белбеуін жеңіп алды.

Өзгелердің жаңалығы