Сауль Альварес Головкинмен үшінші рет кездесуге дайын екенін айтты

20 Желтоқсан 2020, 15:12
1613
Бөлісу:
Сауль Альварес Головкинмен үшінші рет кездесуге дайын екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мексикалық боксшы Сауль Альварес (54-1-2, 36 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екендігін айтты.

Болашақта Головкинмен үшінші рет кездесуім мүмкін бе? Мен тек үздіктермен жұдырықтасқым келеді. Егер бұл жекпе-жекті қабылдау мүмкіндігі туса, мен оны қабылдаймын. Тек үздіктермен жекпе-жекке шығуға дайын екенімді көрсеттім, - деп мәлімдеді Канело.

Ол британиялық Каллум Смитті (27-1, 19 КО) жеңіп, WBA және WBC нұсқалары бойынша титулдарға ие болды.

Мұның алдында Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) поляк боксшысы Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) жеңгеннен кейін «Альварес-Смит» жекпе-жегінің қай жеңгенімен кездесуге дайын екендігін айтқан болатын.

Айта кетейік, «Канело» иен Головкин бұған дейін 2017 және 2018 жылдары екі рет кездескен. Алғашқы жекпе-жек тең аяқталса, екіншісінде төрешілер жеңісті Альвареске берген.

Өзгелердің жаңалығы