Сауда министрлігі кәсіпкерлерге көмек беретін телеграм канал ашты

14 Қараша 2020, 21:35
1582
Бөлісу:
Сауда министрлігі кәсіпкерлерге көмек беретін телеграм канал ашты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шағын және орта бизнестерге қазіргі таңдағы кризистік жағдайларға тез бейімделу үшін қызметкерлердің цифрлық білімін арттыру өте маңызды. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов жазды.

«Күш - білімде» деп бекер айтылмаған. Әр адам және жалпы кәсіпкерлердің жұмысындағы жетістіктері біліктілік пен білімге тікелей байланысты болып келеді. Сондықтан, шағын және орта бизнестерге қазіргі таңдағы кризистік жағдайларға тез бейімделу үшін қызметкерлердің цифрлық білімін арттыру өте маңызды. Бірақ, көбінесе кәсіпкерлердің жағдайлары шектеулі болып, кәсіпкерлерді қосымша дамытудан бас тартуы мүмкін - дейді министр.

Осыған байланысты Сауда министрлігі арнайы телеграм-арнасын іске қосты

Бұл арна арқылы әбрір кәсіпкер сауда және өз жұмысын цифрлық тұлғаларды қолданып, қалай электрондық саудаға өтуге болатынын үйретуге бейімделген. Арна барысында Министрлік өз әріптестерінің арнайы мақалаларын, онлайн сабақтарын және әр түрлі құралдары туралы ақпарат жүктелетін болады - деді ол.

Оның айтуына қарағанда, пандемия кәсіпкерлерге әр түрлі дәрежеде әсер етті. 

Карантиндік шаралар енгізілген кезде өз интернет-дүкендері мен онлайн қызметтері бар кәсіпкерлер өз жұмысын тоқтатпай, жүргізе берді. Демек онлайн форматта жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер ең үлкен бейімдеушілікті көрсетті. Заман ағымына ілесу үшін және цифрландыру саласындағы білімді тегін алу үшін біздің «МСБ в онлайн» телеграм-арнасына қосылыңыз! Сіздерді кызықтыратын сұрақтар мен тақырыптарды бізге жазуды ұмытпаңыз. Сауда министрлігінің мамандары сіз үшін жұмыс істейді және сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес келетіндігі сөзсіз - деді Бақыт Сұлтанов.
Өзгелердің жаңалығы