Сауд Арабиясының тақ мұрагері Оман шығанағындағы шабуылға Иранды айыптады

16 Маусым 2019, 14:39
2338
Бөлісу:
Сауд Арабиясының тақ мұрагері Оман шығанағындағы шабуылға Иранды айыптады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Asharq Al-Awsat басылымына берген сұхбатында Оман шығанағындағы шабуылға Иранды айыптап, халықаралық қауымдастықтан "нақты шешім қабылдауды" талап етті.

Салман "Таяу Шығыста соғысты қаламайтынын, бірақ еліне қауіп төнсе, қарап отырмайтынын" жеткізді.

13 маусымда Оман шығанағында екі кемеге шабуыл жасалған. Белгісіз біреулер әуелі мұнай тиелген норвегиялық Front Altair танкеріне шабуылдаған. Ослоның хабарлауынша, кемеде үш жарылыс болған. Борттағы 11 ресейлік, 11 филиппиндік, бір грузиялық түгел құтқарылған. Front Altair БАӘ-ден Тайвань аралдарына 750 мың тонна мұнай әкетіп бара жатқан.

Екінші танкер - Kokuka Courageous Панама туымен жүзіп бара жатқан. Оған екі рет шабуыл жасалған. Бортта болған 21 адам – Филиппин азаматтары. Бір адам жарақаттанған. Бұл кеме Сауд Арабиясынан Сингапурге 25 мың тонна метанол апара жатқан.

Вашингтон шабуылды Ираннан көретінін мәлімдеді. Тегеран АҚШ-тың айыптауын жоққа шығарады.

Өзгелердің жаңалығы