Сауд Арабиясында әйелдерге ер азаматтарсыз тұруға рұқсат берілді

29 Маусым 2021, 22:34
3404
Бөлісу:
Сауд Арабиясында әйелдерге ер азаматтарсыз тұруға рұқсат берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауд Арабиясында жалғызбасты әйелдерде қамқоршы ерлерсіз, жеке өмір сүруге рұқсат етілді. Заңға енгізілген бұл түзету тұрмысқа шықпаған, ажырасып кеткен және жесір әйелдерге қатысты деп жазады mignews.com. 

Жергілікті Makkah газетінің мәліметінше, Сауд Арабиясының нәзік жандылары жеке тұру үшін тіпті туған әкелерінен де рұқсат сұрамаса болады. Заңдағы жаңа бап бойынша, енді «ересек әйел адам қайда тұратынын өзі шеше алады». 

Бұл ретте әйелдің қамқоршысы сотқа тек ол қылмыс жасаса және оны дәлелдейтін дәлелі болса ғана арыздана алады. 

Адвокат Наиф Аль-Мансидің сөзінше, жаңа заңға сәйкес, бөлек тұрғысы келген бойжеткеннің үстінен отбасы сотқа арыз түсіре алмайды. 

Айта кетерлігі, заңға аталған өзгерістер жергілікті жазушы Мәриям Аль Отайби сотта жеңіске жеткеннен кейін енгізілген. Оның үстінен отбасы сотқа арыз берген. Себебі Мәриям жалғыз өзі тұрып әрі жалғыз саяхаттап жүрген. 


Өзгелердің жаңалығы