Сатылған әрбір екінші автокөлік Қазақстанда өндіріледі – президент

13 Желтоқсан 2019, 12:38
9041
Бөлісу:
Сатылған әрбір екінші автокөлік Қазақстанда өндіріледі – президент

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев автокөлік құрастыру саласындағы оң динамика туралы айтты. Бұл туралы ол "Алтын сапа" арнайы сыйлығын марапаттау рәсімінде мәлімдеді.

Автомобиль құрастыру өнідірісін дамытуға жағдай жасалды. Бұл саладағы өндіру көлемін 8 есе арттыруға мүмкіндік берді. 2010 жылы Қазақстанда 4000 автокөлік шығарылды. Биыл 10 айдың қорытындысы бойынша шығарылған машина саны 38 мыңға жетті. Бүгінде әрбір сатылған екінші автокөлік отандық кәсіпорындарда өндірілді, - деді Тоқаев.

Қазақстан президенті индустрияландыру агрохимияның дамуына серпін бергенін айта кетті. 
Бүгінде қазақстандық аграршылар отандық өнімдермен қамтылды. Өңдеу өнеркәсібінің басқа салаларында да жағымды динамикалық өсім сақталып келеді. Отандық өнеркәсіпті дамытудың тағы бір өзекті және маңызды бағыты индустрия 4.0 дамыту болып отыр. Бүгінде осы бағытта елімізде қазақстандық өнеркәсіп орындарын цифрландыру бойынша пилоттық жобалар жүзеге асырылып жатыр, - деді мемлекет басшысы.
Өзгелердің жаңалығы