13 тамыз күні сағат 20:30 шамасында Сәтпаев қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне көпқабатты үйлердің бірінде ер адамның бесінші қабаттан секірмек болғаны туралы шұғыл хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап
Оқиға орнына жедел-тергеу тобының құрамындағы жедел уәкіл Наурызбай Төлепов және учаскелік полиция инспекторы Абай Жағыпар бірінші болып жетті.
Ер адам мас күйінде әйелімен жанжалдасқан. Әйелі үйден кетіп қалған соң, ол бесінші қабаттағы балконнан секірмекші болған. Біз дереу қалалық төтенше жағдайлар басқармасына хабарластық. Саты арқылы бесінші қабатқа көтеріліп, ер адамды құтқарып қалдық, – деді Сәтпаев қаласының ПБ бастығының бірінші орынбасары міндетін атқарушы Думан Кәрім.
Полицейлер Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп, ер адамды аман алып қалды. Құтқарылған азамат медицина қызметкерлеріне табысталды.