Сәтбаевтағы сот: Тағы екі адам 5 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді

13 Ақпан 2021, 13:28
2328
Бөлісу:
Сәтбаевтағы сот: Тағы екі адам 5 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәтбаев қаласында қаршадай қыз зорланды деп жаппай тәртіпсіздік жасағандар сот алдында жауап бере бастады. 

КТК телеарнасының мәліметінше, бұзақылық жасады деген айыппен 57 адам жауапкершілікке тартылуда. Ал бес жасар қызды зорлады деген күдікпен тағы екі азамат сұралып жатыр.

Тергеу мәліметінше, қаршадай қызды пәтерге 62 жастағы үй иесі кіргізіп алған. Бейкүнә баланың туыстары мен көршілері қызды іздей бастағанда, пәтер иесі де түк болмағандай солармен бірге жүрген. Сөйтсе ол қорғансыз қызға дәрі беріп, ұйықтатып тастаған. 

Ақыры күдік туғызған пәтерге еріктілер мен полицейлер басып кіріп, қызды төсектің астынан ес-түссіз күйінде тапты. 

Осыдан кейін жиналған жұрт пәтер қожайынын өзіміз жазалаймыз деп, арты жаппай тәртіпсіздікке ұласқан. 

Көп уақыт өтпей, күдікті өткен жылдың қараша айында тергеу абақтысында асылып өлді. 

Ал оның қасында қонаққа келген ерлі-зайыптылардың болғаны белгілі болды. 

Енді сотта осы екеуі жауап беруде. Ал қаланың астаң-кестеңін шығарып бұзақылық жасағандардың арасында кәмелетке толмағандар да бар екен. Сондықтан олардың ісін ювеналды сот қарайды.

Бүгінгі күні аталған іс бойныша 57 күдікті өтіп жатыр. Олардың 44-іне бұлтартпау шарасы, қамауда ұстау шарасы қолданылған. Бесеуі – үйқамақта, үшеуі ата-ананың қарауына берілген, екеуі ешқайда кетпеу жөнінде қолхат және үш адам іздеуде жүрген. Оның біреуі анықталды, - дейді Қарағанды облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры Нұрсұлтан Қалдырбай.

Өзгелердің жаңалығы