Сәтбаевта мас ер адам жедел жәрдем көлігін ұрлап кеткен

20 Қыркүйек 2022, 03:20
1041
Бөлісу:
Сәтбаевта мас ер адам жедел жәрдем көлігін ұрлап кеткен

Сәтбаевта мас ер адам жедел жәрдем көлігін ұрлап кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz. 

18 қыркүйек күні таңғы сағат 5.30 шамасында Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының полиция бөліміне белгісіз біреу медициналық мекеменің тұрағында тұрған жедел жәрдем көлігін ұрлап кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Дәрігерлер науқасты ауруханаға апарып, жүргізуші науқасты жедел жәрдем бөліміне жеткізуге көмектескен. 

Осы сәтті пайдаланған белгісіз біреу қызметтік көліктің кабинасына отырып, оны оталдырады да, белгісіз бағытқа кетіп қалған. Сәтбаев ПБ-ның патрульдік полиция взводының жедел-іздестіру шарасы барысында күдікті 32 жастағы ер адамды ұстады, ол көлікті басқара алмай, аударылып қалған. Оның үстіне күдікті көлікті ұрлаған кезде мас күйінде болғаны медициналық сараптамада расталған. 

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік материал толтырылды, сонымен қатар ҚР ҚК-нің 200-бабы бойынша (Көлік құралын автокөлікті немесе өзге де көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өзгелердің жаңалығы