ҚТЖ филиалдары директорының бірі сотталды

30 Желтоқсан 2019, 15:36
4518
Бөлісу:
ҚТЖ филиалдары директорының бірі сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚТЖ Сары-Шаған жол дистанциясы филиалының директоры аса ірі көлемде қаражат ұрлағаны үшін сотталды. 

Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін "Жамбыл магистральды желісінің бөлімі" – "ҚТЖ" ҰК" АҚ филиалының Сары-Шаған жол дистанциясы (ПЧ-48) директоры Т.С.Қыдырбаевқа қатысты тергеу жүргізген.
Ол жанар-жағармай материалдары мен бағыттама бұрысының металл бөлшектерін негізсіз есептен шығару арқылы аса ірі көлемде – жалпы сомасы 16 миллион 78 мың теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін күдікке ілінді, - делінген хабарламада.

Тергеу барысында келтірілген шығын толығымен өтелді.

26 желтоқсанда Қарағанды облысы Приозерск қалалық сотының үкімімен Т.С.Қыдырбаев кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазым атқаруға өмір бойына құқығынан және 7 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Өзгелердің жаңалығы