Сәрсенбі, 14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

14 Қыркүйек 2022, 08:05
858
Бөлісу:
Сәрсенбі, 14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Ел аумағының басым бөлігі кең, суық антициклонның ықпалында болады, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, түнгі сағаттарда-тұман және үсік жүреді, деп хабарлады BAQ.KZ.

Cиноптиктер болжамынша, Батыс, Шығыс өңірлер әлі де циклон мен атмосфералық фронттар үстемдік етіп, жауын-шашынды ауаөрайы күтіледі, батыста найзағай болады. ҚР басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста екпіні 23-28 м/с, күндіз батыста, оңтүстікте шаңды дауылмен күтіледі.

Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, Жамбыл облысының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі, Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Ақмола облысының солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Павлодар облысының шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында 2-3 градус үсік жүреді.

Түнде Қостанай, Ұлытау, Абай облыстарының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

Нұр-Сұлтан қаласында: көшпелі бұлтты,  жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс бағыттардан соғатын жел күші 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде +2+4°С, күндіз +15+17°С болады.

Алматы қаласында: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады,  күші 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде +9+11°С, күндіз +22+24°С болады.

Шымкент қаласында: аздаған бұлтты,  жауын-шашынсыз. Жел шығыстан соғады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде +11+13°С, күндіз +28+30°С болады.

Өзгелердің жаңалығы