Сархат Бейсенова : 13 мыңнан астам елордалық Pfizer вакцинасын салдырды

29 Желтоқсан 2021, 12:45
1347
Бөлісу:
Сархат Бейсенова : 13 мыңнан астам елордалық Pfizer вакцинасын салдырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Астанада 8392 бала Pfizer вакцинасын алды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова  хабарлады.

Оның айтуынша, екі айдың ішінде 13 мыңнан астам елордалық Pfizer препаратын салдырды.

Елордада 15 қарашада басталған 12-17 жастағы жасөспірім, жүкті және бала емізетін әйелдерді Pfizer препаратымен вакцинациялау жалғасуда. Екі ай ішінде осы вакцинаның 1 компонентін тиісті контингенттен 13071 адам салдырды. Pfizer алу бойынша көш басында жасөспірімдер - 8 392 бала, одан кейін  бала емізетін 4 348 ана және 326 жүкті әйел бар. 8 150 жүкті және бала емізетін әйел, 12-17 жастағы жасөспірімдер иммундаудың толық курсынан өтті, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы