Сардоба су қоймасындағы апаттың себебі анықталды

28 Шілде 2020, 05:24
7395
Бөлісу:
Сардоба су қоймасындағы апаттың себебі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстанның бас прокуратурасы Сардоба су қоймасындағы апаттың себебін жариялады. Апаттың негізгі үш себебі аталып отыр, деп хабарлайды "Хабар 24".

Нақтыласақ, қойманың жобалық құжатын әзірлеу кезінде, сосын құрылысты жүргізу және қолданысқа беру кезінде қателіктер жіберілген.

Қазір осы қойманың құрылысына жауапты болған 9 тұлғаға қылмыстық іс қозғалып, барлығы қамауға алынды.

Еске сала кетейік, мамыр айының басында Өзбекстандағы Сардоба су қоймасы жарылып, салдарынан шекаралас орналасқан Түркістан облысының бірнеше ауданы мен ауылын су шайып кеткен болатын.


Өзгелердің жаңалығы